Отандық әнші, тележүргізуші Аша Матай “Қыздар-ай” бағдарламасында артық салмақтан арыла алмай қиналғанын мойындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Маған көрермендер артық салмақтан қалай арылғаным туралы сұрақты жиі қойып тұрады. Менің бойым 158 сантиметр, тұрмыс құрған кезде салмағым 47 келі болды. Бала көтерген соң 52 келіге дейін бардым. Одан соң 32 келі салмақ қостым. Арғы жағын өздеріңіз есептей беріңіздер. Мен үшін бұл қорқыныш болды. Себебі мен домаланып, ісініп жүрдім. Спортпен айналыстым, дұрыс тамақтандым деп нақты айта алмаймын. Негізі қозғалыс керек. Арықтататын дәрі де іштім. Сіздерге айтарым, ешқашан ішпеңіздер. Күніне екі рет іштім, содан дәретханадан шыға алмай қалдым”, – дейді өнер иесі.

Аша Матай алаяқтар арықтататын дәрілерге суретін қойып, жалған жарнама жасағандар туралы да айтып қалды. 

“Қандай дәрі екенін білмеймін, менің суретімді алып, сыртына жабыстырып қояды. “Осы дәрі арқылы Аша Матай арықтады. Сатып алыңыздар” деп нөмірлерін жазып масқара болған. Ондайға сенбеңіздер, өтірік жарнама”, – дейді Аша Матай.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!