Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы басшысының бұйрығымен басқармаға қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры қызметіне жаңа басшы тағайындалды. Сыр жастарына жетекшілік етуге Құрмаш Асқар Шалқарұлы келді. 1996 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде 2017 жылы «Қаржы», 2020 жылы «Экономика» мамандықтары бойынша білім алған. Экономика ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын 2014-2018 жж. – «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасында редактор-тележүргізуші. Тікелей эфирдегі «Жаңалықтар», «Жаңа күн», «Өзекжарды» бағдарламаларының редакторы әрі жүргізушісі болып бастаған. 2014-2017 жж. – Қызылорда облыстық білім және ғылым салалық кәсіподақ комитетіне қарасты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттер кәсіподақ комитетінің төрағасы қызметін атқарған. 2015-2017 жж. – Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығының жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің төрағасы, 2015-2016 жж. – Қызылорда облыстық филармониясында конферансье. 2016-2021 жж. – «Б-Асқар» ЖШС директоры, әрі құрылтайшысы болды. 2017-2019 жж. – «Кәсіподақ келешегі» қоғамдық қорының директоры.2019 жыл – Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і директорының орынбасары, Нұр Отан Партиясы Қызылорда облыстық саяси кеңесінің мүшесі, «Жастар» бастауыш партия ұйымының төрағасы, «BSG» серіктестігінің бас директоры қызметтерін атқарған.

Біз Асқардың жастарды жаңа идеяларымен, белсенділігімен алға бастарына сенім білдіреміз. Айта кету керек, бұған дейін осы қызметті атқарған Азамат Мүкеев облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы қызметіне ауысты. Асқар мен Азаматты жаңа қызметтерімен құттықтап сәттілік тілейміз!

Гүлбану МАҚАЖАН

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!