Фото:gov.kz

Астанада ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотта Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты басты сот отырысы басталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайрат Сатыбалдыұлының өзі сот залында жоқ. Ол процеске онлайн қосылуы керек еді, бірақ техникалық ақауларға байланысты мүмкін болмады. Осыған байланысты сот үзіліс жариялады.

Еске салайық, 2022 жылдың наурызында Сатыбалдыұлы шетелге ұшпақ болған жерінде ұсталған болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!