Абай облысында TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир барысында балағат сөздер айтып, орынсыз әрекет жасаған тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның мәліметінше, құқық бұзушылық TikTok-тағы тікелей эфир кезінде анықталған. Тексеру барысында эфир жүргізген әйелдің Семей қаласының 53 жастағы тұрғыны Жанат Әбеуова екені белгілі болды.

Сот шешімімен әйел әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін айыппұл төлеуге міндеттелді.

Полиция интернет кеңістігінде жасалған құқық бұзушылықтар да қолданыстағы заңнамаға сәйкес қаралатынын еске салды. Ведомство мұндай заңсыз әрекеттерді анықтау және олардың жолын кесу жұмыстары жалғаса беретінін атап өтті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!