Атырауда Авангард шағынауданындағы пәтерлердің бірінен ер адам мен әйелдің мәйіті табылды деп хабарлады turkystan.kz 

Жергілікті полиция берген ақпаратқа сүйенсек, 25 шілде күні кешке 102 нөміріне Атырау тұрғыны қоңырау шалған. Ол Авангард-3 ықшамауданында тұратын 30 жастағы қызының пәтер есігін ашпай жатқанын хабарлаған.

Оқиға орнына жеткен полицейлер пәтерден 26 жастағы ер адам мен 30 жастағы әйелдің мәйітін тапты.

«Екі мәйіт те ванна бөлмесінен табылды. Мойнына су жылыту құбырына байланған тұзақ ілінген 26 жастағы ер адам, оның қасында буындыру белгілері бар арызданушының қызы болған. Олар ерлі-зайыптылар, бірақ бұл кезде некені бұзу процесі жүріп жатқан. Олардың артында кәмелетке толмаған төрт баласы қалды», – делінген хабарламада.

ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі (Адам өлтіру) және 105-бабының 1-бөлігі (Өзін-өзі өлтіруге жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.