Балалардың жаңажылдық сыйлығы ақшалай таратылады.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, 7 жасқа дейінгі балалардың әрқайсына 5 000 рубльден таратылады.

Ол балаларға жаңажылдық сыйлық ақшалай таратылатынын мәлімдеді.

«Жақында еріктілер маған Жаңа жыл қарсаңында балаларды қолдауға арналған сан алуан идея бар екенін айтқан. Биыл эпидемиологиялық жағдайға байланысты жаңажылдық шыршаға арналған бұқаралық іс-шараларға тыйым салынды. Бірақ балалар осы мейрамды қатты күтеді», – деді Путин.

Ресей президенті  үкімет және президент әкімшілігімен кеңесіп, нақты бір шешімге келгенін айтты.

«Біз мемлекет тарапынан балаларға сыйлық жасаймыз деп келістік. Аз да болса, ақшалай сыйлық береміз. 7 жасқа дейінгі балаларды асырап отырған барлық отбасыға 5 000 рубльден таратылады. Ақшалай сыйлық барлық балаға беріледі», – деді Путин.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!