ТЖМ видеосынан жасалған скрин

Батыс Қазақстан облысында 11-ден астам елді мекенді су басу қаупі төніп тұр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бұған Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі себеп болған. Осыған байланысты ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов өңірде екі тәулік бойы әр ауылды аралап, үйінді бөгеттердің жай-күйін 
тексерген.

“Күні бойы ведомство басшысы Бөрлі, Январцево, Рубежинское, Озерное, Володарское, Байқоныс, Жайық және т.б. ауылдарда болды”, – делінген 20 сәуірде шыққан ақпаратта.

Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері өңірде 100 шақырымнан астам қорғаныс жер бөгеттері салынғаны атап өтіледі.

Айта кетейік, кейінгі мәліметтер бойынша Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5,8 мыңнан астам жеке тұрғын үй және 1350 аула әлі су астында қалып отыр. 9,8 млн текше метр су сорылған. Су тасқыны аймақтарынан 116 мың эвакуацияланған.

Бұған дейін Қазақстанның су тасқыны болып жатқан аймақтарында 377 сәби дүниеге келгені хабарланған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!