Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі төтенше жағдай су тасқынына байланысты үндеу жариялады.

Мемлекет басшысы тосыннан келген су тасқынына байланысты жағдайдың мемлекет назарында екендігін, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып еліміздің әрбір аймағынан келген волонтерлердің көмектесіп жатқандығын, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайтындығын және су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қаржылық және басқа да көмек көрсетілетінін айтып өтті. Төтенше жағдайды шұғыл шешу үшін Үкіметке және жергілікті атқарушы органдарға тиісті тапсырмаларды берді.

Бізде бұл қиын жағдайға бейжай қарамай ұйымның атынан су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға белгілі бір көмек қолын созуды жоспарлап отырмыз. Президент аянбай көмек қолын созып жатқан волонтерлердің еңбегін атап өтіп, алғыс білдірді.

Расул БАЗАРХАНҰЛЫ,

«Қазақстан студенттерінің Альянсы» республикалық студенттер қозғалысы»

Қызылорда облыстық филиалының төрағасы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!