Сыртқы істер министрлігінің өкілі Ерлан Жетібаев қазақстандық блогер Қайсар Қамзаның қазір Вьетнамда қамауда отырғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ерлан Жетібаев тиісті органдар оны экстрадициялау мәселесін қарастырып жатқанын мәлімдеді.
«Бұл азамат Вьетнамда қамауда, ал Бас прокуратура оны экстрадициялаумен айналысып жатыр. Тиісті шаралар жалғасады», – деді Жетібаев.
Еске салайық, 2026 жылғы 11 қаңтарда Қаржылық мониторинг агенттігі қазақстандық блогер Қайсар Қамзаға іздеу жариялағаны белгілі болды. Кейін блогер бұл ақпаратқа Instagram Stories арқылы жауап беріп, дастархан басында отырған суретін жариялап, “Бәрі дұрыс” деп қысқа жазба қалдырған.
14 қаңтарда Қаржылық мониторинг агенттігі Қайсар Қамзаның заңсыз ойын бизнесіне жәрдемдесті деген күдікпен халықаралық іздеуге жарияланғанын мәлімдеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
