Астана әкімі Жеңіс Қасымбек бокстан әлем чемпиондарына үш бөлмелі пәтер кілтін табыс етті деп хабарлайды turkystan.kz.

Елордалық боксшылар Санжар Ташкенбай мен Нұрбек Оралбай Ташкентте өткен әлемдік турнирдің жеңімпазы атанды. Оларға бас қаладан баспана берілді.

«Елордалық боксшыларымыз 2023 жылғы Ташкентте өткен әлем чемпионатында үлкен нәтижелерге қол жеткізді. Санжар Тәшкенбай мен Нұрбек Оралбай алтын жүлдегер атанды! Бүгін оларға демеушілер есебінен үш бөлмелі пәтердің кілттерін табыс еттік. Сол сияқты жаттықтырушылардың да еңбегін назардан тыс қалдырмадық.

Бұл жеңістің артында үлкен еңбек пен үздіксіз дайындық, спортшылардың өзіне деген сенімділігі жатыр!

Боксшыларымыздың ары қарай да биік белестерді бағындырып, жеңіс тұғырынан көріне беруін тілеймін!», – деді Жеңіс Қасымбек.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!