Фото: Ақпараттық штаб

KAZINFORM – Бүгінде су тасқынына тап болған Батыс Қазақстан облысына қажетті көмек еліміздің әр аймағынан келіп жатыр. Қазіргі таңда гуманитарлық көмектен бөлек, арнайы техника да әкелінуде. 

Кеше Орал шаһарына Түркістан және Ақтөбе облысынан жалпы саны 112 арнайы техника келді.

Қызылорда облысы да шет қалмады. Сыр бойындағы ағайын Жайық жағасын жайлаған елді топан судан аман алып қалу үшін 122 техника жеткізді. 

Одан бөлек, Алматы қаласынан келген 37, Ақтөбе облысынан 47 техника қауіпті аймақтардағы жұмысын бастап кетті.

техника
Фото: Ақпараттық штаб

Маңғыстау, Қостанай, Атырау, Жетісу, Жамбыл облыстары мен Шымкенттен келген техникалар мен арнайы мамандар да тасқынға тосқын болуда.

Қазіргі таңда су басу қаупі бар аймақтарда 1577 техника жұмыс жасауда.

Оның 790-ы — эксковатор, тиегіш, ауыр жүк көліктері, тракторлар, бульдозерлер, тралдар мен манипуляторар мен крандар болса, 787-сі — жеңіл көліктер, автобустар, ассенизаторлар мен жүзу құралдары. 

Сондай-ақ үш тікұшақ та қолданыста.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!