ҚР Президенті Қ.Тоқаев Өзбекстаннан келген бойда қарғын судан зардап шеккен халықтың жай-күйіне алаңдап 10 минуттық үндеу жолдады.

Үндеуде шығынның өтелетіні, оған Мемлекеттік қорды пайдаланатыны айтылды. Президент өз сөзінде орын алған нәубетті «Табиғи апат»- деп, бағалады. Алайда, менің ойымша бұл — табиғи апат емес, көктемнің келетінінен, жылдағыдан қардың қалың түсуіне байланысты еріген кезде судың мол болатынынан хабарсыз жауапты тұлғалардың бейпрофессионализмі еді. Бүгінгі үндеудің белгілі бір деңгейде халыққа сенім ұялататыны рас, дегенмен шығын өтелгеннен судан құлаған қарашаңырағы мен бағып, баптап отырған төрт түлігі орнына келмейтіні анық.

Сондықтан, ашынған халық үндеуден эмпатия мен нақты саяси шешім де күтеді.
Еліміз бойынша мынадай жаппай су басуды біз тұрғыластар көрген жоқпыз, дегенмен баспасөз беттерінен оқыған едік. Қандай болғанда да бұл нәубет қазақтың бірлігіне жұмыс жасау керек. Бірлік бекем болса, қандай қауіптің де бетін қайтарып, жақсы заманға иек артарымыз анық.

Облыстық қоғамдық кеңес мүшесі, жыршы, ҚР мәдениет қайраткері Б.Р.Саймағанбетов

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!