Бұл құжат парламент сайтында жарияланып, қоғам талқысына шығарылды.
Қырғызстанның Жогорку кеңешінің бір топ депутаты бала зорлығы үшін өлім жазасын кесуді көздейтін заң жобасын әзірледі, деп жазады Азаттық. 

Бұл құжат парламент сайтында жарияланып, қоғам талқысына шығарылды.

Заң жобасын әзірлеушілер Қырғызстанда кейінгі жылдары балаға зорлық-зомбылық көрсететін оқиғалардың жиілеп кеткенін алға тартқан.

«Балалардың өміріне қауіп төндіретіндерге қатаң жаза енгізбей балаларды қорғау мүмкін емес. Кейінгі жылдары балаларды зорлау оқиғасы кең етек алып жатыр. Сол себептен Конституцияға өлім жазасын енгізетін өзгеріс енгізуіміз керек» делінген құжатта.

Биыл тамыз айында Қырғызстанда бала зорлығы үшін қылмыстық жазаны күшейтетін заң күшіне енді. Атап айтқанда, оларға рақымшылық жүрмейді, мерзімінен бұрын бостандыққа шығарылмайды.

Қырғызстан ішкі істер министрлігінің мәліметінше, соңғы жеті айда бала зорлығына қатысты 39 қылмыстық іс қаралған.

Ұлттық статистика комитетінің мәліметі бойынша, былтыр бала зорлық-зомбылығына қатысты 3034 оқиға тіркелген, оның 500-і жыныстық зорлаумен байланысты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!