Дос ұғымның нақ бір анықтамасы болмайтыны анық. Себебі, ол адамдардың өзіндік көзқарастары мен түсінік пайымдарына қарай әртүрлі деңгейге ой   ысады. Байқасақ, өмірге деген көзқарасы ортақ, дүниетанымы деңгейлес адам ғана бір-бірімен дос бола алатындай. Ал оның сақтаушысы адалдық пен шынайылық.

Жақын жанмен дос болу үшін талап болмайтыны белгілі. Адамдар достықты өзімен мәндес адамнан іздейді. Достықтың мәнін сезіп, білген кезде таңдаулы адамның кім екенін түсінетіндей. Қиындықта қасыңнан табылып, қуанышыңды сенімен тең бөлісе алса – сол сенің нағыз досың. Өйткені, мұндай іс сенің ең жақын жолдасыңның, саған жанашыр жанның ғана қолынан келеді. Ал нағыз дос – сенің басыңдағы кез келген жағдайды басқалардан артық түсінетін, яғни өзің сезгендей сезе алатын сенің екінші сыңарың.

Әрине, бәрінде шынайы дос бар деп айта алас едік. Себебі, достық сенің жақын жанға не бере алатыныңмен де өлшенеді. Кейде өмірде дос болып көрмеген жан нағыз жолдастық сезіне алмай жатады. Салдарынан достық пейілін ұсынған адамның сезімін бағаламауы мүмкін.

Осы орайда дос пен жолдас ұғымын ажырата білу шарт. Мәселен, достың жолдастан айырмашылығы – жолдасыңа өзгедей сый көрсетуің мүмкін, алайда досқа кіршіксіз қатынас жасауда. Олай дейтініміз досыңды өзіңдей көретін болған соң «өзіңнің» көңіліңді өзің аулап керек емес. Себебі ол бәрін түсінеді, бәрін де біледі. Сондықтан, кез келген істі оған міндеттей аласың немесе оның саған сеніп тапсырған ісін өзіңнің қара басыңның қамындай атқарасың. Дос – сенің жүз пайыз сеніміңе кірген адам. Қалай айтсаң да жарасады. Егер әлденені оған айтуда көңіліңізде қандайда бір тозаңдай күдік болған болса, онда ол сіздің нағыз досыңыз екеніне күмән бар.

Сонымен, доспен жеке өміріңде мәні жоғары кез келген тақырып еркін, айқын айтуға мүмкіндік бар. Ал жолдастармен «Сіз-біз» дескен сыйластық деңгейінде байланыс орнайды. Достың жолдастан айырмасын осылай топшыладым.

Назерке НҰРХАН,

Сақтапберген Әлжіков атындағы №144 орта мектеп оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!