Фото: Рахим Қойлыбаев

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеу жасады.

Еліміздің он аймағында жарияланған төтенше жағдай, тосыннан туындаған табиғи апат, көптеген ауылды су шайып, мыңдаған адамның баспанасыз қалуы елді алаңдатқаны рас. Су тасқынымен күресу мақсатында қазіргі уақытта ауқымды жұмыстар атқарылуда. Оған еліміздің әр өңірінен ерікті жастар да қолынан келгенше көмек көрсетуде.

Ел Президенті жағдай өте күрделі болса да, қиындықты міндетті түрде еңсеріп, барлығы қалпына келетінін атап өтті. 

-Тасқын судан зардап шеккен азаматтарға айтарым, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды. Баршаңызға қаржылық және басқа да көмек беріледі. Материалдық шығындар толық өтеледі, – деді Мемлекет басшысы.

Біз ел болашағының жарқын боларына сенеміз. Ел бірлігі – ең үлкен құндылық. Қазақ елі жұдырықтай жұмылып, бірлік пен ынтымақтың арқасында бұл қиындықты да жеңіп шығады. 

Нұрайым САҒНАДИНҚЫЗЫ,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!