Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Үндеу жолдады. Презизидент жан-жақты зерделенген, нақты дәлелмен келтірілген өте орынды, пайымды пікір айтты. Жауаптыларға қадау-қадау тапсырма берді.

“БАҚ өкілдеріне, блогерлер мен белсенді азаматтарға айтарым: жұртты дүрбелеңге салатын ақпараттарды жариялауға тыйым салынады.

Жалған ақпараттар таралмауы қажет. Дәл қазір билік пен қоғамды ұйыстыратын әрекеттер жасау – аса маңызды. Сондықтан, ел халқынан ресми дәлелденген, шынайы ақпараттарға сүйенуге шақырамын”-, деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы дұрыс айтады. Арамызда ұрымтал тұсты өз мүдделеріне пайдаланып кететіндер жоқ емес. Ол бұрын да болған және бола береді. Олардың мақсаты – елдігіміздің тыныштығына сына қағып, ауызбіршілікке сызат түсіру.

Сондықтан, сын сағатта, бір-бірімізге демеу болып, барымызбен бөлісіп, өкпе ренішті артта қылдырып, бірлікті ту етуіміз қажет.

Елена ПАК,

Өңірлік ҚХА жанындағы «Абай қазынасына саяхат» клубының жетекшісі 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!