Қанды оқиға Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында болған. Ресми деректерге сүйенсек ер адам әйеліне АХАЖ бөлімінде пышақпен шабуыл жасаған. Ауыр жарақат алған әйел дереу ауруханаға жеткізілген, бірақ кейін ауруханада көз жұмған.
Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктінің ұсталғанын хабарлады.
«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!