Әнші Ерке Есмахан тұрмысқа шыққан соң өнерде қалатын-қалмайтыны туралы сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Instagram-да әншіден бір оқырман «Өнерде қаласыз ба әлде тек үйде отыратын келіншек боласыз ба?» деп сұраған.

«Сырға салуға» келгенде: ән айтам десе айтқызамыз, билеймін десе билетеміз. Өнеріне еш кедергі болмаймыз» деді үлкендер. Күйеуімнің де еш қарсылығы жоқ. Бірақ өзім кішкене өнерден алшақтағым келетін сияқты», – деді Ерке Есмахан.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!