«Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға» 

       Қоғамда ең үрейлі құбылыстардың бірі – есірткі жайлы айтарым көп.Құдай бетін әрі қылсын мен тұрып жатқан мекенде есірткімен айналысады екен деген әңгімені естімеймін. Қазіргі таңда қалалық жерлерде ер адам тұрмақ әйел адамдарды да естіп жатасың, ол адам нашақор  деп түртпектеп көрсеткенде қалай ұялатынымды білсең ғой.Аз ғана өмірінде денсаулығына көңіл бөлгенде ғой.Қазақ халқы айтады ғой,  «Бірінші байлық – денсаулық,екінші байлық – ақ жаулық, үшінші байлық – он саулық» демекші, ең алдымени адамның жақсы өмір сүруі бірінші орында деп ойлаймын. Егер адам өз өмірін есірткімен өткізсе, кейінгі өмірі қандай болмақ? Есірткі деген сөздің айтылуы да, естілуіде жиіркенішті.Әрине бұл нәрсенің адам денсаулығына тигізер әсері бәрімізге мәлім.мен есірткісіз өмір деген сөзді былай түсінемін.Салауатты өмір салтын ұстанатын, спортпен айналысатын, денсаулығына күтіммен қарайтын адамдар деп ойлаймын.Мен есірткі жайлы толық білмеймін, себебі мен ол туралы тек қана теледидардан,мектептегі сынып сағаттардан, газет-журналдардан естіп,көріп білдім.Есірткі туралы ойлағымда, естігімде келмейді.Адамның денсаулығы қоғам байлығы.Себебі адамның денсаулығы күшті, мықты болса, біздің қоғамымызға тигізер әсері мол.Меніңше денсаулық мықты болу үшін мынадай төрт шартты бұлжытпай орындау қажет:  жаттығуды, тамақ ішуді, уақытты дұрыс пайдалануды және демалуды. Денсаулығына дұрыс көңіл бөлмей, күйзеліске түскен адам міндетті түрде есірткінің досына айналады.Егер есірткіні шектен тыс пайдаланса не болатынын білесіздер ме? Әрине құрдымға кетеді,болашағы болмайды. Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Яғни адам саналы да жарқын өмір сүруі қажет.Егер ұзақ өмір сүргіңіз келсе есірткіні пайдаланбаңыз. Себебі, есірткі адам өмірінің өлшеулі кезеңдерін қысқартатын бірден-бір тұтынушы заты.Егер сіз есірткіні қолданбасаңыз бақытты жансыз.Неге  десеңіз  сіздің өміріңіз түрлі ғажайыптарға толы. Ал есірткі пайдаланатын адамдардың өмірі қысқа болады және де олар түрлі ғажайыптарды кездестіре алмайды.

       Қорытындылай келе,менің сіздерге айтарым есірткіні қасыңызға жолатпаңыз.Керісінше, оны жоюға тырысайық! Егер ол жақындаса одан айырылу қиын. Сіздің өміріңіздегі ең жақын досыңыз денсаулық пен спорт болсын!

Айжан ШЫНТЕМІР,
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бірлік ауылы

№102 мектеп 7-сынып оқушысы

#есірткігеқарсыбайқауы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!