Мен бүгінгі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының сұхбатын Ұлттық арнадан көріп шықтым.
Сұхбатта, халық арасында талқыға түсіп, ел арасында шұбалып кеткен көп сұраққа нақты, әрі дәлме-дәл жауаптар берілді деп есептеймін.
Сондай ақ, Мемлекет басшысы «Мен үшін азаматтарымыздың құқығы аса маңызды. Әсіресе, қазіргі таңда мұны ең маңызды мәселе деп айтуға болады.
Әрбір іс бойынша әділ шешім шығару мен үшін негізгі принцип болып табылады» деді. Яғни, бәрі әділ өтпек және ақпарат барлығына қолжетімді әрі жария болмақ.
Бұл бұған дейінгі Жолдауда баса айтылған «Әділетті қоғам» қағидатына сай келеді.
Қасым-Жомарт Кемелұлы болашақтағы жоспарларын да атап өтті.
Сұхбат барысындағы мынау бір сөз жаныма рух берді: «Біздің ортақ Отанымыз ол – Қазақстан, еліміз бізден басқа ешкімге керегі жоқ. Тәуелсіздік бәрінен қымбат» – деді.
Жалпы алғанда, бүгінгі сұхбатта Қазақстанның алға дамуының негізгі бағыттары көрсетіліп, келешекке бет бұрар жоспарлар айқындалды.

Ержан Сабырбай,

аудандық «Jas Otan» ЖҚ бөлімше басшысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!