Француз түрмесінде қазақстандық әйел бес жылдан астам уақыт өткізген. Оған әділетсіз үкіммен шығарылған шешімнің залалы өтеледі деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.

Францияда 20 жылға бас бостандығынан айырылған Қазақстан азаматы София Боднарчук кінәсіз деп танылды. Қарағанды облысының тумасы бес жарым жыл Франция түрмесінде отырды.

София Боднарчук 2016 жылы өзінің ата-анасын атып өлтірген күйеуінің сыбайласы ретінде танылған.

«Мен француз тілін білмеймін, ешқандай заңдардан хабарсызбын, өзімді жалғыз қалғандай сезіндім. Алайда елшілік мені қолдады. Бұрынғы елші Жан Сержанұлы Ғалиев пен заң кеңесшісі Рүстем Өмірзақовқа алғысымды білдіремін. Осы жылдар ішінде олар қолдау көрсетіп, көмектесті, соттарға қатысты, сондай-ақ, Қазақстандағы ата-анамды қолдады», – деді Боднарчук.

Жұбайының тарапын қолдаған алты адвокат қазақстандыққа қарсы шықты. Софияны отандастар қолдады, содан кейін белгілі француз адвокаты Эдуард Марсиал іске қосылды.

«Қазақстандықтар, оның ішінде дипломаттар Софияның оқиғасына бірден қызығушылық танытып, қорғауға кірісті. Олар әрқашан қасында болды, үнемі хат жазды, Софияның барлық проблемалары туралы барлық инстанцияларға тынымсыз сигнал берді», – деді адвокат.

София Боднарчук Француз түрмесінде 5,5 жылға жуық уақыт өткізді. Алдымен күдікті ретінде сотты күтті, содан кейін күйеуінің сыбайласы ретінде қамауға алынды. Қыз француз сотының әділеттілігіне үміттенді, бірақ оның айғақтары ескерілмеді. Әрі Софияны айыптайтын дәлел болмаған, тек күйеуінің айыптауы болды.

Адвокат Марсиал әділетсіз үкімнің басты себебі немқұрайлылық деп санайды.

«Оны сыбайлас ретінде қарастырды. Оның айғақтарының салмағы болмады, өйткені  Софияны бай француздың басын айналдырып, алдауға келген жеңіл-желпі шетелдік әйел деп санады. Көп ұзамай ол 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Мен бұлай болады деп күтпеген едім, не істеп қойғанымды, қандай қателік жібергенімді ұға алмады. Бірақ шындықтың беті ашылып, іс София Боднарчуктың пайдасына аяқталды», – деді адвокат.

Франция мемлекеті әділетсіз үкіммен келтірілген залалды өтеуі керек.

Енді әйел ата-ана құқығын қорғап шықпақ. София Боднарчуктың қызы қылмыс кезінде небәрі екі жаста еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!