Президент Жолдауы саяси саланы серпілтуге нақты тапсырмалар берген, ел дамуын айқындайтын заңдар қабылдау қажеттігін айтқан ерекше жолдау болды. Президент Жолдауда айтылған әрбір бағытқа жеке-жеке тоқталып, оның маңыздылығын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі майдангер жазушы Кемел Тоқаев ұлына: «Адамдарға сен, өзгелерге көмектес» -дейтін. Әке өсиетіне сай өзіне төрт құндылықты: адамдарды тыңдап түсіне білу, үлкенді сыйлап, құрмет көрсету, жастардың кәсіби тұрғыдан және тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау, уәде берсең- орында деп, алдына мақсат етіп қойған бұлжымас қағидатынан айнымаған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі халыққа арнаған Жолдауы –соның дәлелі болғандай. Тарихымыздың қай белесінде де халқымыздың абыройын өсіріп, ұлттық мақтанышына айналған тұлғаларымыз аз болмағн. Бүгінгі Жолдауда ата- бабаларымыздың тәуелсіздік үшін күрескерлік жолын жалғап, Қазақстанның үш облысына тарихи атаулар берілді. Ұлытау , Жетісу жер атаулары мен қазақтың ұлы тұлғалары Абай Құнанбаев, Дінмұхаммед Қонаев есімдері берілетін болды. Бұл бастама алдағы уақыттарда да жалғасын табады деп ойлаймын. Мемлекеттілікті нығайтуда мемлекеттік қызметтегілердің халықтың қызметшісі екенін, әр істе әділ болып, әрбір адамның мұң- мұқтажын түсініп, дұрыс шешім қабылдау басты қағидаға айналу тиіс екенін айтып, «Ұлық болсаң, кішік бол» деп дана халқымыз айтқандай, мансапқорлық көрсетпеуді тапсырды.Президент халықты толғандырған қаңтар оқиғасының ащы сабағы елді біртұтастыққа, мызғымас бірлікте болуға үйреткенін, енді қайтып мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін жеткізді. Бүгінгі Жолдау саяси құрылымдық өзгерістерімен есте қалатын және халыққа қызмет етудің үлгісін көрсеткен ерекше Жолдау болды.

Гүлжауһар РАЕВА,

Аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы