Қоздырғыштар тудыратын аурулар инфекциялық деп аталады. Инфекция көзі ауру адамның немесе жануардың денесі болуы мүмкін. Мұндай аурулар оңай жұғып, тез таралады.

Олардың таралуын болдырмаудың әдістері бар. Мәселен, гигиеналық қағидаларды сақтау, салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану, вакцинация және алдын алу туралы ақпаратты насихаттау. Дегенмен аурудың таралуын анықтауға және бақылауға көмектесетін инфекцияларды эпидемиологиялық қадағалау да маңызды. Бұл – жұқпалы аурулардың таралуы туралы ақпаратты бақылау, жинау және талдау жүйесі. Ол инфекция ошақтарын тез анықтауға, олардың көздері мен таралу жолдарын айқындауға, сондай-ақ аурудың таралуын бақылау үшін қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді. Әсіресе эпидемия немесе пандемия жағдайында өте маңызды. Мұнда жедел әрекет ету көп адамның өмірін сақтап, ауыр әлеуметтік-экономикалық салдардың алдын алады.

Жеке гигиенаны сақтау, әсіресе қолды жуу бірнеше жұқпалы аурулардың алдын алады. Өйткені қол ластанған беттермен жиі байланысады. Қорғаныс құралдарын қолдану патогендердің ағзаға енуіне жол бермейді. Салауатты өмір салты денені күшейтіп, инфекцияларға төзімді етеді. Вакцинация – патогендермен байланысқа дейін аурулардан қорғаудың ең тиімді әдісі. Екпеден бас тарту ұмытылған аурулардың эпидемиясына әкелуі мүмкін.

Аурудың салдарын емдеуден гөрі алдын алу жеңіл екенін ескере отырып, оның денсаулықты сақтауда шешуші рөл атқарып келгенін айту керек. Эпидемиологиялық қадағалау деректерін бақылау және талдау инфекциялардың таралу қаупіне тиімді жауап беруге және олардың алдын алу үшін тиісті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл қоғамдық денсаулық пен әл-ауқатты сақтауда аса маңызды екенін ескерген жөн.

Ғабит ТАЖБЕНОВ,
Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!