2026 жылғы 7 маусымда кейбір қазақстандықтар интернеттің дұрыс жұмыс істемей тұрғанын айтып, шағымданды. Осыған байланысты Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство атап өткендей, жекелеген интернет-ресурстарындағы уақытша іркілістер құрылыс жұмыстары кезінде магистральдық талшықты-оптикалық байланыс желісінің зақымдалуына байланысты орын алды.

«Қазақтелеком» АҚ ақпараты бойынша, құрылыс техникасы халықаралық интернет-трафиктің негізгі бағыттарының бірін қамтамасыз ететін кабельді зақымдаған. Мамандар трафикті шұғыл түрде резервтік арналарға ауыстырды, бұл байланыстың толық өшіп қалмауына мүмкіндік берді.Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұған жер жұмыстарын жүргізу кезінде байланыс желісінің зақымдануы себеп болды», – дейді министрлік өкілдері.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!