А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада «Тәрбие тұғыры – имандылықта» атты имандылық сағаты өткізілді.

Салт-дәстүр, әдет-ғұрып тәрбиелерімен сабақтастырып, жастардың бойына сіңіре отырып,тілін, дінін сүйюге, ата-ананы құрметтеуге, сабырлылыққа,төзімділікке, жат әдеттерден сақтануға тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздік алуымен бірге сенім бостандығы қайта оралғандай болды. Дінге жол ашылды. Бұрын атын айтуға қорқатын ата-бабаларымыздың әруағын қастерлеп емін-еркін ас беріп, торқалы тойлап, рухымыз көтеріліп жатыр. Көзден бұлбұл ұшқан ата-дәстүрімізді жанғыртар иманды ұрпақ өсіп келеді.

Ұлы Абай : «Иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек». Осы орайда адамгершіліктің биік мақсаттарын жастардың бойына сіңіртіп, сөзсіз атқаруды дәріптейтін имандылық қасиеттері жайлы «Тәрбие тұғыры – имандылықта» атты имандылық сағаты өткізілді.

Халықаралық құқық қорғау орталығы РҚБ Қызылорда облысы бойынша филиал директоры, кәсіби медиатор, «Ақиқат нұры» ҚБ Төрағасы Маратбек Нұртайұлы Нұржанов қатысып,жастарымызды жақсылыққа сенім рухында, рухани табандылыққа, өмір шындығынан туындайтын үмітке тәрбиелеу туралы айтып өтіп, ата-дәстүрімізді жанғыртар иманды, еліне адал қызмет жасайтын ұрпағымыз көбейсе, имандылық ең басты адамның адам болмысын білдіретін үлкен құндылқа айналары сөзсіз деп, жастарды имандылыққа шақырды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!