Фото: gov.kz

Сыбайлас жемқорлық – үнемі мұқият зерделеуді, жүйелі көзқарасты, кешенді және жедел қарсылықты қажет ететін қазіргі қоғамның жағымсыз құбылысы.

Еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейі мен ауқымы экономикалық дамуды тежейді, инвестициялық ахуалға теріс әсер етеді, елдің имиджін, Қазақстан Республикасымен ынтымақтастыққа халықаралық қызығушылықты төмендетеді. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясатының негізгі басымдығы екені даусыз.

Әр адам зұлымдық, қызғаныш, парақорлық пен өзімшілдік жоқ әлемде, махаббат, жақсылық пен бақытқа толы әлемде өмір сүргісі келеді. Сыбайлас жемқорлық елдің саяси және азаматтық институттарына теріс әсер етеді, халықтың дамуына елеулі қауып төндіреді.

Барлық елдер үшін оңтайлы болып табылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің бірыңғай тетігі жоқ. Әрбір ел қабылдайтын қарсы күрес әдістерінің ерекшелігі тек саяси және экономикалық тұрақтылыққа ғана емес, сонымен қатар халықтың салт-дәстүрлеріне, діни ерекшеліктері мен құқықтық мәдениетінің деңгейіне де байланысты.

Мемлекет өз тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлемдік стандарттарға сәйкес келетін тиімді институттары мен тетіктерін құру бағытын мақсатты және кезең-кезеңімен ұстанады.

Өз елінің лайықты азаматтары, өз қаласының патриоттары болу үшін біз өзіміздің ішкі мәдениетімізді арттыруымыз, өзін-өзі тәрбиелеумен айналысуымыз керек. Сонда ғана біз сыбайлас жемқорлықсыз мықты, гүлденген ел құра аламыз

Гүлмира АЛАШБАЕВА,
Сырдария аудандық қазынашылық
басқармасының бас маман-бас қазынашысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!