Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтауда лаңкестік әрекеттің алдын – күдіктіден жарылғыш заттар тәркіленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ҰҚК 1 сәуірде Ақтау қаласында прокуратура органдарының үйлестіруімен терроризм актісіне дайындалу күдігі бойынша жергілікті тұрғынды ұстағанын мәлімдеді.

Ақпаратқа қарағанда, оның тұрғылықты жерін тінту барысында зақымдайтын элементтері бар жарылғыш құрылғыны дайындауға арналған компоненттер және өзге де заттай дәлелдемелер алынған.

“Ол бұрын кісі өлтіргені үшін сотталған, радикалды діни идеологияны ұстанушы болып табылады. Аталған адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 255-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде”, – делінген ақпаратта.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!