Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінде Асқар Тоқмағанбетов атындағы мәдениет орталығы мәдениет бөлімінің өнерпаздары жазасын өтеушілерге мәдени шара өтті. Шара барысында жыршы, термеші, әншілер өз өнерін көрсетіп, жазасын өтеуші азаматтарға жақсы көңіл-күй сыйлады. Келген өнерпаздардың айтуынша, бұл шараның тәрбиесі мол. «Біздің бұл іс-шарамыз мекеме әкімшілігінің ұсынысымен жазасын өтеуші азаматтарды қоғамнан тыс қалдырмай, бостандыққа шыққанда жаңа өмір бастауына зор үлесі тиер деген оймен ұйымдастырылып отыр. Өнерпаздан көңілге ой салар әсем ән мен тәтті күйлерін орындап, жырдан шашу шашып, рухани азық беруде», – деді мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Алтынбек Тұрарбекұлы.Тағылымды іс-шараға қатысқандар өнер иелеріне өз алғысын білдіріп, ризашылықтарын жеткізді.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!