Қызылорда облыстық кәсіподақтар кеңесі төрағасының орынбасары Марат Бәйімбетов сырбойылықтарды саяси өзгеріске дұрыс бағытта қолдауға шақырды.

«ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың жарлығымен Конститутцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде жарлық қабылдады. Республика бойынша белсенді азаматтардың қатысуымен штабтар құрылып, халықтың арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Негізгі Заңға ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар әрбір азаматтың негізгі құқықтары мен кепілдіктерін, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті қорғауға бағытталған. Осының негізінде кәсіподақта арнайы жұмыс тобы құрылды. Жоспар бойынша мақсатымыз – көпшілікке дұрыс ақпарат жеткізу. Осылайша барша халықты саяси өзгеріске дұрыс бағытта қолдауға шақырамын», – дейді Марат Бәйімбетов.