Алдымен пневмония деген, кейін коронавирус екені анықталды.

«МузАРТ» тобының әншісі Мейрамбек Бесбаев коронавируспен ауырып, емханаға жеткізілді.

Ақпаратты «МузАРТ» тобының директоры Ерлан Жүнісбай растады. Оның айтуынша, кеше әншінің жағдайы нашарлап жедел жәржем шақыртқан. Алдымен пневмония, одан кейін коронавирус екені анықталып отыр.

«Қалқамандағы №7 аурухананың дәрігерлеріне алғыс айтқысы келеді. Қазақстан тұрғындарына мұның қаншалықты қауіпті екенін түсініп, үйде отыруын және қонаққа бармауын сұрады», – деді топ директоры Ерлан Жүнісбай.

«Айқын» ақпарат

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!