Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік қызметтердің сапасына тұрақты бақылау жүргізеді. Бұл жұмыс қызмет көрсету процесіндегі кемшіліктерді дер кезінде анықтап, бұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған.

Департамент талдау және мониторинг нәтижелері негізінде қызмет беруші органдарға нақты ұсыныстар әзірлейді. Бағалау үш негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады: мемлекеттік қызмет көрсету процесін құқықтық реттеу; мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және техникалық мүмкіндіктер; мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру.

Агенттіктің әдістемелік ұсынымдарына сәйкес Департамент әр тоқсан сайын мемлекеттік қызметтерді жақсартуға бағытталған ұсыныстар тізілімін қалыптастырып, оларды іске асыру үшін Агенттікке жолдайды. Бұл жүйелі жұмыс нақты нәтижелер беріп, қызмет сапасын арттыруға оң ықпал етуде.

Соның жарқын мысалдарының бірі – су объектілерінің жай-күйіне әсер ететінмемлекеттік қызмет түріне қатысты ақпараттық жүйелерді жетілдіру бағытында енгізілген өзгерістер. Атап айтқанда, «Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша «Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және техникалық мүмкіндіктер» бағытына сәйкес қалыптастырылған ұсыныс Агенттікке жолданып, Агенттік тарапынан қолдау тапты.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2026 жылғы 26 мамырдағы №161-НҚ Бұйрыққа 1-қосымша «Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды, сондай-ақ су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу» қағидаларының
1-қосымшасы 8-тармағына сәйкес келесідей құжаттарды ұсыну қажет:

1. Су объектілері және географиялық координаттары көрсетілген жер учаскесінің (нысанның) сонымен қатар, масштабта көрсетілген су қорғау аймағы мен белдеуінің (бар болса) орналасу схемасы;

2. Эллингтерді салу кезінде қосымша ұсынылады: сәулет-жаспарлау ғимаратының электронды көшірмесі.

Бұған дейін аталған құжаттарды «Е-Лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы жүктеу мүмкіндігі қарастырылмаған болатын. Бұл өз кезегінде қызмет алушылар үшін де, мемлекеттік қызметтерді көрсетушілер үшін де белгілі бір қиындықтар туғызып келгені белгілі.

Осы мәселені шешу мақсатында Департамент тарапынан
«Е-Лицензиялау» ақпараттық жүйесінің функционалын кеңейту жөнінде ұсыныс енгізіліп, өтініш беру кезінде қосымша құжаттарды жүктеу мүмкіндігін қарастыру қажеттігі көтерілді. Бұл ұсыныс «Ақпараттық жүйелерді жетілдіру қажеттілігі» өлшемшарты аясында әзірленіп, Агенттікке жолданды.

Ұсыныс Агенттікпен қолдау тауып, нәтижесінде Elicense.kz порталының функционалы толықтырылды. Бүгінде бұл жаңашылдық қызмет көрсету үдерісін айтарлықтай жеңілдетіп, мемлекеттік қызметті көрсетушілер мен мемлекеттік қызметті алушыларға қолайлы жағдай қалыптастыруға мүмкіндік беріп отыр.

Жалпы, Департамент мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыра береді. Бұл бағыттағы бастамалар мемлекеттік қызмет көрсету саласының тиімділігін арттырып, халықтың сенімін нығайтуға қызмет ететіні сөзсіз.

Н. Сүлейменов,
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің Қызылорда облысы
бойынша департаменті
басшысының орынбасары

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!