Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова зейнетке шығуға қатысты ақпарат айтты.

– Қазір адамдардың жасы зейнетке шығу ұзақтығына байланысты болып отыр. Сондықтан мына уақытта шығу деп менің айтқаным емес, әр адамның денсаулығына, табиғатыны байланысты. Жас жағына келетінәйелдер 60,5 жасында, ер азаматтар 63 жасында шығып жатыр. Осы мәселені аналар да көтеріп жатыр. Осыған дейін де қоғам мүшелерімен кездесіп, айтып көрсеттім. Бізде 50-60 жасқа дейін 967 мың азамат шығады. Оның 50 пайыздан астамы – жұмыс істейтін азаматтар. Олардың еңбекақысы 175 мыңнан жоғары. Жұмыс істемейтін азаматтар 35-40 пайызын құрайды. Олардың еңбек өтілі жоқ. Егер олар зейнетке шықса, базалық зейнетақы ғана алады, – деді Дүйсенова. 

Министр осы базалық зейнетақы параметрлерін көтер бойынша да ұсыныс жасалғанын айтты.

– Біраз азамат осылай деді. Біз қоғамның барлық мүшесінің пікірін тыңдауымыз керек. Мен мүмкіндігім болса, жұмыс істегім келсе, 72 жас та жақсы деп отырмын. Жұмыс істей алсам, неге зейнетте отыруым керек. Зейнетке қай уақытта шығу керек болса, сол уақытта шығамын. Одан кейін мүмкіндігім болса, қоғамдық жұмыс болса да, өз отбасыма жұмыс істеуге дайынмын, – деді Тамара Дүйсенова. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!