“Оқуға құштар мектеп” және “Балалар кітапханасы” атты бағдарлама аясында Ә.Молдағұлова атындағы №173 орта мектеп кітапханашылары мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Маликова “Мұқағали Мақатаев – поэзия тұлпары” атты оқу сағаты өткізілді.

Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері арқылы кез келген оқырман шығармашылығымен де танысып шығады.

Аталған шараға 7 “а” сынып оқушылары қатысып, ақынның өміріне шолу жасап, өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтып, әсем әуенімен 3 “а” сынып оқушысы Батырханұлы Азиз әндерін шырқады.
Сонымен қатар кітапханашы Л.Омарова кітап көрмесімен оқырмандарға таныстырды. Оқушылар шараға белсене қатысып жағымды әсер алды.

Омарова Л.

Ә.Молдағұлова атындағы №173 орта мектебінің кітапхана меңгерушісі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!