Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс XVІІ сессиясы өтті. Сессияны облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов жүргізді.

Жиынға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы және облыстық мәслихат депутаттары, басқарма басшылары, қала және аудан әкімдері қатысты.

Күн тәртібінде 15 мәселе қаралды. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақ басшысы ретіндегі өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалу барысын баяндап, 2021 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы жөнінде есеп берді. Өңір басшысы облыстың экономикалық дамуында оң тенденцияның қалыптасқанын тілге тиек етіп, аймақ үшін маңызды жобаларды тізбеледі.

«Облыстың экономикалық дамуында оң тенденция бар. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1,4 пайызға, инвестициялар тарту 14,7, құрылыс жұмыстары 8,3, пайдалануға берілген тұрғын үйлер 11 және сауда 1,4 пайызға артты.
Дегенмен, өнеркәсіп өндірісі жыл басынан бері төмендеп келеді. Өйткені, өңірде мұнай өндіру көлемі жыл сайын азаюда. Соңғы жылдары мұнайдың сарқылуына байланысты оның жаңа көздерін анықтау мақсатында геологиялық зерттеу жұмыстары басталды.
Жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 6,5 пайызға артып, 52876 бірлікті құрады. Жыл басынан бері экономика салаларында 13 297 жұмыс орны құрылды, оның 5884-і тұрақты. Жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрады», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!