Алматы облысында үш рет кісі өлтірді деген күдікпен ер адам іздестірілуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

14 қыркүйек 22:31-де Алматы облысы Іле ауданы Ащыбұлақ ауылында үйде өрт болған. 

Мұны Немолчи.kz қорының басшысы Дина Тәңсәрі мәлімдеді. 

Сағат 22:55-те үйдің шатыры жанғаны байқалған. Өрт сағат 23:45-те оқшауланған. Ал үйде зорлық-зомбылықпен өлтірілген екі бала мен бір әйел анықталды. Оларды әйелдің азаматтық некедегі күйеуі өлтірген деп күдікке ілінді.

“42-дегі әйелден оң жақтағы мойын аймағының терең ашық кесілген жарасы, беттің бірнеше кесілуі, сол жақ иек, іштің тесілген жарақаты; 13-тегі қыздан іштің тесілген жарақаты, оң иықтың жарасы, ал жеті жастағы ұлдан сол жақтағы мойынның терең ашық жарақаты анықталды”, – деп жазды Таңсәрі.

«Бұл факт аудандық полицияда ҚК 99-бабы “Кісі өлтіру” бойынша тіркелген. Қазіргі уақытта күдікті адамды анықтау және оны ұстау бойынша жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Барлық аудандық полиция бөлімшелеріне және көршілес өңірлердің ПД-на бағдарлар жолданды», – деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Түпкілікті процестік шешім қабылдау үшін барлық қажетті сараптамаларды тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!