Фото: https://www.instagram.com/rozaashirbayeva/

Танымал психолог, эксперт, коуч Роза Әшірбаева сенат отырысында “Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» заңның мақұлданғанын айтып, көз жасына ерік берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Аталған заңға мемлекет басшысы қол қойса, күшіне енеді. 

“Құрметті қазақстан әйелдері! Бүгін өздеріңізге 1 тал гүл сыйлаңыздар! Қуандық Бишімбаевтың туған күні үшін емес. Сенатта әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықты болдырмайтын заң екі оқылымда да мақұлданды. Енді президент қол қойса, болды. Өзіме бір тал гүл сыйлаймын! Қатты қуанып тұрмын әрі жылап тұрмын. Әйелдердің қоғамдағы қорғансыздығы қатты алаңдататын. Сырттан көрінбейді. Ойнап, күліп, әзіл түрінде эфирлерде айтып жүрдім. Бірақ ішімде ашу, ыза, реніш болатын. Соның бәрі шығып жатыр. Бұл жеңісте тиран күйеуінен кете алмаған әрбір аналарымыздың, әпкелеріміздің, жеңге-сіңлілеріміздің, құрбыларымыздың үлесі бар. Сүйіктісінің қолынан өлген әрбір әйелдің көз жасы бар. Осыны ұмытпайық, қыздар!”, – деп жазды коуч. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!