Оралда Жайық өзеніне батып кеткен баланың құтқарылған әкесі де есін жимай көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz Мой город сайтына сілтеме жасап.

13 тамыз күні сағат 16:47 кезінде құтқарушылар пультіне Жағалау көшесінде Жайық өзеніне үш адамның батып бара жатқаны туралы хабар түскен.

Өзенде шомылып жүрген 49 жастағы ер адам, 12 және 17 жасар екі жасөспірімге көмек қажет болған.

Құтқарушылар ересек кісі мен 12 жасар баланы судан шығарып үлгерді.

Ал 17 жасар жасөспірімнің денесі төрт сағат іздегеннен кейін табылып, жағаға шығарылды. Ол құтқарылған ер адамның ұлы еді.

Кейінірек БҚО ТЖД 49 жастағы ер адамның ес-түссіз жатқанын хабарлады.

Құтқарушылар оған жүрек-өкпе реанимациясын жасап, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған.

Өкінішке қарай, реанимациялық шараларға қарамастан ер адам есін сол күйі жиған жоқ.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!