Ерлі-зайыптыларды татуластыру жолдары қандай? Баланың отбасында өмiр сүру және тәрбиелену құқығы қандай? Ажырасқан жағдайда бала кімге қалады? Ажырасу туралы арызды қалай жазады? Некедегі ортақ мүлікті қалай бөлісуге болады? Осындай сан-алуан сұрақтар заманауи қоғамда ауқымды, түйткілді, өзекті, әрі даулы мәселе – отбасылық ажырасу төңіргенде көтерілетін сұрақтар. Бұл көкейкесті мәселе Қызылорда облыстық ішкі саясаттың ұдайы назарында. Әсіресе жас отбасы мүшелеріне психологиялық, құқықтық тұрғыда көмек, кеңес беру қажеттігі айқын.

Осыған орай Қызылорда облыстық ішкі саясаттың тапсырысымен «Аймақтағы отбасылық-демографиялық саясатты насихаттау» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру аясында«Қазақстан жастар фракциясы»  қоғамдық қоры «Отбасын қалай сақтап қалуға болады?» тақырыбындағы тренинг 23 қараша күні Қармақшы ауданында өтті. Іс-шараны білікті заңгер, психолог мамандар жүргізіп,  қатысушылар тарапынан қойылатын түрлі сұрақтарға жауап берілді.

Бір өкініштісі,қоғамда жас отбасылардың ажырасуының саны күн өткен сайын көбейіп жатыр, жастардың бұл проблемаға да ет үйреніп барады.

Зиялы, сауатты адам отбасын құрарда ақылға жүгінеді, әрі отбасында кездесетін келеңсіз нәрселерді болдырмауға тырысады. Қандай да бір қиын жағдай орын алып, шаңырақ шайқалар болса оны сақтап қалуға барынша тырысады. Өйткені ол отбасы мүшелерінің алдындағы жауапкершілікті сезінеді.

Отбасының бұзылуы ердің де, әйелдің де психикасына үлкен әсерін тигізеді. Ал отбасындағы балалар үшін бұл жағдай аса ауыр жағдайларға әкелері анық.

Ажырасуға себеп болатын жайлар:

  • отбасылық өмірге дайындықсыз бару (рухани және материалдық);
  • әлеуметтік жағдай (отбасындағы жанжал, қаражаттың жеткіліксіздігі, денсаулықтың сыр беруі және т.с.с.);
  • өзара түсініспеушілік (перзенттің болмауы, ата-ананы ортаға салу, бір-біріне тиісінше көңіл аудармауы, өмірге деген көзқарастың айырмашылығы және т.б.);
  • сенім (қызғаныш, зина, ішімдік, құмар ойындарына бой бұру және т.б.);

Тренинг барысында осы және өзге де отбасын сақтап қалу жөніндегі құнды пікірлер қозғалды.