Фото: Sputnik / Николай Хижняк

Алматыдағы Балалар шұғыл медициналық көмек орталығында қазіргі күні отшашудан жараланған 5 бала жатыр. Бұл туралы sputnik.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Алматылық дәрігерлер отшашудан зардап шеккен 13 және 16 жастағы жасөспірімдердің қолын аман алып қалды, деді қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Отаны Алматы қаласында Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының (БШМКО) травматологтары жасады.

«Екі пациентте аралас жарақаттар болды. Клиника әдісі бойынша ішкі бекітумен сүйек сынықтарын жабық репозициялау, сондай-ақ оң қолдың II саусағының тіндерімен пластика жасалды. Біз қолдарын былайша айтқанда бөліктер бойынша жинадық», – деді Алматы қалалық Балалар шұғыл медициналық көмек орталығының травматологы Кешірме Қуаныш.

4 қаңтарда отшашудан зардап шеккен тағы үш бала жеткізілген. Үшеуінің де жарақаты ауыр. Біреуінің жанарына зақым келген. Ол қазірге ақ жарықты ғана көре алады. Дәрігерлер баланың болашақта нақты көретіні немесе жанарсыз қалатыны туралы болжам жасауға ерте дейді.

Балалар шұғыл медициналық көмек орталығында қазіргі күні отшашудан жараланған 5 бала жатыр. Жалпы 9 бала жүгінген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!