Қазақстанда түсірілген түрлі жанрдағы “отбасылық көруге” арналған 10 фильм 67 459 821 теңгеге қазақ тіліне аударылғалы жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл туралыTelegram-дағы t.me/orda_kz арнасы жазды. Онда мемлекеттік сатып алу сайтында өтінімдерді қабылдау басталып кеткені туралы айтылады.

Тапсырыс беруші Мәдениет және спорт министрлігі екен. Олар кинотеатрларда және онлайн кинотеатрларда көрсетілетін фильмдерді қазақ тіліне аударуға бюджеттен 67,4 миллион теңге қарастырған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!