Қазақстанда кеншілердің зейнетке шығу жасы төмендеуі мүмкін. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің сөзінше, кеншілер 15 жыл еңбек еткен соң басқа жұмысқа ауысуы қажет. 

«Біз бұл мәселені қарастырамыз. Себебі зиянды еңбек жағдайлары бар, бұл орайда халықаралық тәжірибеге сүйенеміз. Мысалы, 15 жылға дейін зиянды жағдайда жұмыс істеуге болады. Одан әрі денсаулыққа зиян келтірмеуі үшін басқа жұмысқа ауысуы керек. Қазір біз шахтерлердің әлеуметтік қамсыздандырылуына әсер ететін жұмыстың шекті кезеңін нақтылап жатырмыз», – деді Тамара Дүйсенова Үкімет отырысынан кейін журналистердің  сауалына жауап бере отырып. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!