«Самұрық-Қазына» қорының басшысы Алмасадам Сәтқалиев Алматы облысында атом электр станциясын салу кезінде әлемнің түрлі елдерінің тәжірибесі ескерілетінін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.

Ресейде, Оңтүстік Кореяда және Францияда ең жақсы технологиялар бар, деп есептейді Сәтқалиев.

— Атом электр станциясы құрылысының ерекшелігі сол, біз алдымен құрылысшылар пулын анықтап, жергілікті қамтуға міндетті талап қоюымыз керек, содан кейін олар станциясының жобасын жасауға кіріседі. Соңғы іріктеу бірнеше айдың ішінде өтеді деп күтеміз, – деді Сәтқалиев.

Ерекше көңіл бөлуге уәде беріп отырған зауыттағы қауіпсіздікті қазақстандық тарап құрылыс кезеңінде сөзсіз талқылайтын болады, – деп сендірді «Самұрық-Қазына» қорының басшысы.

— Станция  автоматтандыру және техникалық шешімдер тұрғысынан да қорғалатын болады. Мысалы, станса корпусы үлкен ұшақтың құлауына төтеп беруі керек. Жер сілкінісінің «10+» санаты үшін негізгі болып табылатын сейсмикалық талаптарды қоса алғанда, – деді Алмасадам Сәтқалиев.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!