Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстандағы су тасқыны жағдайы туралы жедел ақпарат берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Азаматтық қорғау қызметтері 118180 адамды, оның ішінде 44254 баланы құтқарды. 113852 ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіздік жерге айдалды. 19715 адам үйлеріне оралды. Эвакуациялау пункттерінде 8821 адам, оның ішінде 3885 бала бар», – делінген хабарламада.

ТЖМ мәліметінше, 10,5 миллион м3 астам еріген қар суы сорылған, 3,4 миллионнан астам қапшық пен 1,4 миллион тонна инертті материал төселген. 4 370 тұрғын үй мен 2 737 аула аумағынан су бұрылған.

«Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында 5 989 жеке тұрғын үй мен 1 091 аула аумақтары су астында қалды», – делінген хабарламада.

Ақмола облысында қардың қарқынды еруіне және Есіл өзені су деңгейінің көтерілуіне байланысты Есіл ауданының Двуречное ауылында 10 жеке тұрғын үй су астында қалды. 47 адам алдын ала эвакуацияланды, олар туыстарының үйлеріне орналастырылған.

Ақтөбе облысында Ырғыз ауданының Құйлыс ауылынан Ырғыз ауылына әуе кемелерімен алдын ала 25 адам уақытша орналастыру пунктіне эвакуацияланды. Белшер және Мамыр ауылдарына 500 литр жанар-жағармай және 2 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді. Құйлыс ауылында Торғай өзенінде жағалауды нығайту жұмыстары жалғасып жатыр.

Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл қаласының Подгора шағын ауданында, Кожевенный кентінде 348 жеке тұрғын үйді, сондай-ақ 3031 саяжай құрылысы су астында қалды. Тұрғындар алдын ала эвакуацияланды. Есіл өзенінің су деңгейіне мониторинг жүргізіліп жатыр. ТЖД және ЖАО қызметтері Петропавл қаласының және облыс аудандарының эвакуациялық пункттерінде орналасқан тұрғындарға психологиялық көмек көрсетіп жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!