Фото: otkritkis.com

Қазақстан бір айдың ішінде үш мемлекеттік мерекені тойламақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

2024 жылы мамыр айында «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңның 3-бабына сәйкес қазақстандықтар үш мерекені атап өтеді:

Қазақстан халқының бірлігі мерекесі – 1 мамыр (сәрсенбі);

Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр (сейсенбі);

Жеңіс күні – 9 мамыр (бейсенбі);

Жұмыс күндері мен демалыс күндерін кейінге қалдыру туралы ресми хабарлама түскен жоқ.

Осылайша, жұмыс күндері мен демалыс күндерінің кестесі келесідей болады:

  • бес күндік жұмыс аптасы: 1 мамыр демалыс, 2 мамыр жұмыс, 4 және 5 мамыр демалыс, 6 мамыр жұмыс, 7 мамыр демалыс, 8 мамыр жұмыс, 9 мамыр демалыс, 10 мамыр жұмыс, 11 және 12 мамыр кезекті демалыс күндері. 
  • алты күндік жұмыс аптасы: 1 мамыр демалыс, 2, 3, 4 мамыр жұмыс, 5 мамыр демалыс, 6 мамыр жұмыс, 7 мамыр демалыс, 8 мамыр жұмыс, 9 мамыр демалыс, 10 және 11 мамыр жұмыс, 12 мамыр кезекті демалыс күні.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!