1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері облыстық балаларды оңалту орталығына арнайы барып, тәрбиеленушілерді мерекемен құттықтады.

Қайырымдылық шарасы аясында мекеме ұжымы балаларға әртүрлі сыйлықтар мен дамытушы ойыншықтар тарту етіп, бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мерекелік кездесуде балаларға ізгі тілектер айтылып, олардың жарқын болашағына деген сенім білдірілді.

– Мерекеге орай балаларды қуантуды жөн көрдік. Балалардың жүзіндегі қуаныш пен шаттықты көру – біз үшін үлкен бақыт. Әрбір бала бақытты болуға лайықты, – дейді жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөлімше бастығы, әділет майоры Әлішер Беркінбеков.

Айта кету керек, өңірлік ҚАЖ департаментінің қызметкерлері мұндай игі бастамаларға үнемі қолдау көрсетіп келеді. Олар әлеуметтік мекемелерге тұрақты түрде барып, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру арқылы қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын насихаттап жүр.

Орталық басшылығы өңірлік ҚАЖ департаментінің ұжымына көрсеткен қамқорлығы мен қайырымдылық көмегі үшін алғыс білдірді.

ҚАЖ қызметкерлері балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады
ҚАЖ қызметкерлері балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!