ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты кеңесте Премьер-Министр Асқар Маминнің қызметтен босату жөнінде өтініш бергенін хабарлады. Мемлекет басшысы оның өтінішін қабылдады.

«ҚР Конституциясына сәйкес Премьер-Министрдің қызметтен босатылуы бүкіл Үкіметтің өкілеттігін тоқтатқанын білдіреді. Үкімет мүшелері жаңа құрам жасақталғанша, өз міндеттерін атқара береді. Премьер-Министрдің міндетін атқару Әлихан Смайыловқа жүктелді», – делінген хабарламада.