Фото: depositphotos.com/diy13@ya.ru

Қырғызстанда TikTok-қа шектеу қойылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін Қырғызстанның интернет-провайдерлеріне байланыс саласындағы реттеу және қадағалау қызметінен ел территориясында TikTok-қа кіруді шектеу және 18 сәуірге дейін жазбаша жауап беру туралы хат келіп түскен.

Шешім шығаруға TikTok тарапынан «Балалардың денсаулығына, олардың физикалық, интеллектуалдық, психикалық, рухани және адамгершілік дамуына зиян келтірудің алдын алу жөніндегі шаралар туралы» ҚР Заңын сақтамау негіз болғаны айтылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!