Бүгін «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы және партияның Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Әйелдердің ел дамуындағы рөлі» атты форум өтті. 

Қоғамдағы әйелдердің рөлін талқылау және жүйелік мәселелерді шешудің жалпы тәсілдерін әзірлеу мақсатында ұйымдастырылған форумға облысқа қарасты аудандардың ауылдық елді-мекендерінде тұратын әйелдер, үй шаруасындағы және көпбалалы аналар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар, бюджеттік сала қызметкерлері мен кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері қатысты. 

Форуға «ORDA FM» радиосының директоры Мейрамгүл Мәдәлі модераторлық жасады. 

Нәзікжандылармен басқосуда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Тәжмағамбетова Мақпал Мазаққызы іс-шараның маңыздылығына ден қойып, әйелдердің ел дамуында алатын ерекше орындары туралы тоқталып өтті.

Пленарлық отырыс барысында «Мансап» жеке мектебінің құрылтайшысы, Қазақстандық үздіксіз білім беру ассоциациясының Қызылорда филиалы директоры, «Бастау» бағдарламасының бизнес-тренері Наталья Мишукова әйелдер кәсіпкерлігін қолдау түрлері туралы айтса, Шиелі ауданы, Ы.Жахаев ауылынан кәсіпкер Ләззат Парменқұлова ауылда мал шаруашылығын дамыту жайын баяндадады. Мұнан соң «Қылыш» ШҚ төрағасы Рахила Смаева ауыл шаруашылығын дамыту туралы, облыстық перинаталдық орталық Бас дәрігерінің стратегиялық даму және ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстар бойынша орынбасары Гүлнар Жұмашева қалың көпшілікке Әйелдер миссиясы: бірге салауатты бүгініміз бен болашағымыз үшін» тақырыбын сөз етті. Сондай ақ ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қызылорда қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасының бас маманы Мұрат Сарманов қаржылық сауаттылық – отбасы бюджетін жоспарлаудың негізі туралы айтса, комбайнер Гүлмира Медешова, блогер Ақтолқын Серікбай, қол өнер шебері Үржамал Дүйсембиева жетістікке жету жайында түрлі тақырыптарда әңгіме өрбітті.

Іс-шараның тақырыбы төңірегінде әр салада табысты еңбек етіп жүрген әйелдердің өмірінен алынған түрлі бейнероликтер көрсетіліп, қыз-келіншектерге ерекше көңіл күй сыйлады. Мұнан соң жиын қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша сұрақ-жауап айдарымен үйлесім тапты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!