Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде бастау алған «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Сыр өңірінде «Таза Қазақстан – таза аймақ» науқаны ұйымдастырылды

Акцияның екінші аптасы «Киелі мекен» атауымен жалғасып, тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағы тазартылатын болады. Аталған шараға қазыналы Қазалы ауданының тұрғындары ерекше қолдау білдіруде.

Аудан халқы Жанқожа батыр кесенесі мен Ғ. Мұратбаевтың мемориалдық музейінің аумағына тазалық жұмыстары жүргізіп, ағаш көшеттерін отырғызды. Науқанға 40-тан аса халық белсенділік танытты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!