Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Sputnik. Қызылорда облысының прокуратурасы тұрмыстық қалдықтарға және ауыз суға арналған тарифтерді төмендетуге қатысты шара қабылдады, деп хабарлады облыстық прокуратура.

«Облыстың 4 ауданында: Арал, Қазалы, Жалағаш және Сырдария аудандарында тұрмыстық қатты қалдықтардың тарифі негізсіз бекітілген болса, ал Қармақшы ауданында тариф бүгінге дейін бекітілмеген», – дейді парокуратура.

Аудандарда қатты тұрмыстық қалдықтар сұрыпталмаған. Соған қарамастан әкімдіктер тарифтік сметаға сұрыптауға, ғимараттарды күтіп ұстауға, амортизацияға және т.б. шығындарды негізсіз қосқан.

«Қазіргі уақытта тариф Қазалы ауданында 210 теңгеден 193 теңгеге, Жалағаш ауданында 160 теңгеден 151 теңгеге төмендетілсе, Арал және Сырдария аудандарында 8-13 теңгеге азайтылады», – дейді облыстық прокуратура.

Қызылорда облысында ауыз сумен қамтамасыз ету саласында 460 млн теңгенің тарифтік сметасы орындалмаған.

«Халықты ауыз сумен қамтамасыз ететін «Арал салынып жатқан кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы» филиалы 2023 жылға арналған 460,2 млн теңге көлеміндегі тарифтік сметаны орындамаған», – деп жазды ведомство.

Уәкілетті орган, яғни филиалға 6 млн теңге айыппұл салынған. Қадағалау актісі арқылы ауыз су тарифі 30 теңгеге төмендету жоспарланып отыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!